"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА №2 ЖӘНЕ №4 СУБАЙМАҚТАРЫНДА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Б. Т. ОРЫНБАСАРОВТЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін "Ақтау теңіз порты" АЭА-ның 2 және4 субаймақтарында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Т. Орынбасаровтың басшылығымен жергілікті уәкілетті органдар, "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ басшыларының қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында субаймақтар инфрақұрылымын салу бойынша қысқа мерзімді міндеттер айқындалып, АЭА-ның инфрақұрылымдық даму перспективалары талқыланды. АЭА инфрақұрылымын салу жөніндегі іс-шаралар 2025 жылға дейінгі өңірді әлеуметтік экономикалық дамытудың Кешенді жоспарына енгізілген. Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Қайнар көзі: "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі.

 

Желілерде бөлісу:

  • 185